Астанада халықаралық жыршы-термешілердің фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада халықаралық жыршы-термешілердің фестивалі өтті

21.03.2023

Бұл бас қаламыз Астанада өткен Халықаралық жыршы-термешілердің фестивалі. Алғаш рет ұйымдастырылған өнер жәрмеңкесіне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері мен түрлі байқаулардан жүлделі қайтып жүрген мәдениет саласының үздіктері қатысты. Шараны атақты жырау – Алмас Алматов жүргізді. Толғау мен дастаннан шашу шашуға Орта Азия елдерінен де орындаушылар келді. Осылайша фестивалді әлемдік деңгейге шығарып, жыршылық дәстүрді сақтаған халықтардың қызығушылығын тудыру көзделген.

Нұрғиса Дәуешов. ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары:

Біздің көрші мемлекеттердің де өнерпаздарын шақырып, халықаралық деңгейде осы шараны ұйымдастырдық. Бұл шараға Өзбекстаннан, Қарақалпақстаннан, Қырғызстаннан және еліміздің түкпір-түкпірінен отызға жуық жыршы-термешілеріміз қатысып жатыр.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу