Қой жүнінен - көркем туынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қой жүнінен - көркем туынды

20.12.2014
Қой жүнінен - көркем туынды

Қостанайдағы ағайынды Аңқауовтар бейнелеу өнерінің жаңа түрін меңгеріп, кәдуілгі қой жүнін осылайша қажетке жаратып отыр. Туа-бітті миопатия дертіне шалдыққан 4 азамат та, 2-ші және 3-ші топтағы мүмкіндігі шектеулі жандардың қатарына жатады. Бірақ, бұл олардың ұлттық өнерді түрлендіріп, оны өздерінің отбасылық кәсіптеріне айналдыруына кедергі келтірген жоқ. 

Ағайындылардың ортаншысы Арлан – жоғары білімді суретші дизайнер. Еуропада 18 ғасырда пайда болған аппликация – яғни жапсырып бейнелеу өнерін түрлендіріп жүрген де сол. Бұл бір қарағанда қазақтың текемет басуына ұқсайды. Алайда Аңқауовтардың технологиясы бойынша жүн барынша ұсақтап түтіледі және желіммен қатырып жапсырылады.

Айрықша технологиямен дайындалған картиналардың құны мазмұны мен сапасына қарай орташа 30-40 мың теңге тұрады. Ағайынды Аңқауовтар бірнеше республикалық байқаулардың жеңімпазы. Жуырда Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Астана қаласында арнайы көрмелерін өткізіп қайтты. Қазір жергілікті жердегі меценаттар клубы ұйымдастырған конкурсқа қызу дайындық үстінде.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

 

Хабарламаларға жазылу