Польшада қазақстандықтар әлі дауыс беріп жатыр
Польшада қазақстандықтар әлі дауыс беріп жатыр. Бізбен байланыста Аида Әбіл. Аида, Еуропа елдерінде сайлау науқаны әлі жүріп жатқанын білеміз, соңғы мәліметтермен бөліссең
Аида Әбіл, тілші:
Варшавадағы номері 271 сайлау учаскесіндеміз. Дауыс берудің аяқталуына әлі үш сағат бар. Алдын-ала тіркелген қазақстандықтардың 40 проценттен астамы өз таңдауын жасап үлгерді. Бір байқағаным - жастар жағы белсенді. Студенттер ғана емес, түрлі салада, тіпті құрылыста қызмет істеп жүрген және бірінші рет дауыс берген азаматтар бар. Солардың біріне сөз беріп көрейік
Шекербек Заманбек, жұмысшы:
Біз осы Польшаның Плоцк қаласында жұмыс жасаймыз. Бүгін осы сайлауға жиырма қазақтай болып жиналып, өз дауысымызды беруге келдік.
Аида Әбіл, тілші:
Ал біз сайлау учаскесі жабылғанша жұмысымызды жалғастыратын боламыз. Варшавада науқанда өрескел заң бұзушылықтарды байқағаным жоқ. Атап өтейік, Украинада тұрып жатқан азаматтардың бір бөлігі де бүгін осы Польшаға келіп, дауыс беруге мүмкіндік алды.
Аида Әбіл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда халықаралық көрме ашылды
06.03.2026, 20:59
Бүгін Ақ Паралимпиаданың алауы тұтанады
06.03.2026, 20:57
Тағдыр сынына мойымаған, қайсар мінезімен көпке үлге болған спортшы
06.03.2026, 20:54
Боччадан республикалық турнир өз мәресіне жетті
06.03.2026, 20:51
Әлем әйелдермен әдемі
06.03.2026, 20:50
Мемлекет басшысы халықаралық Қызыл Крест комитетінің президентімен кездесті
06.03.2026, 20:21
Мемлекет басшысы мереке қарсаңында бір топ қыз-келіншекті марапаттады
06.03.2026, 20:17
Президент мерекелік концертті тамашалады
06.03.2026, 20:16