АҚШ-та қазақстандықтар дауыс беріп жатыр
Қазақстанда сайлау учаскелері жабылып, комиссиялар дауыстарды санап жатса, АҚШ-та дауыс берудің нағыз қызған шағы. Сан Франциско қаласында сайлау учаскелерінің ашылғанына үш ақ саға болды. АҚШ тағы меншікті тілшіміз Жалғас Сәдібекұлы толықтырады.
Жалғас Сәдібекұлы, тілші:
АҚШ-тың үш қаласында сайлау учаскелері жұмыс істеп тұр. Екі елдің арасында кемі он сағат уақыт айырмашылығы бар. Ел астанасы Вашингтон мен қазақтар көп шоғырланған Нью-Иоркте қазір түскі екі. Сондықтан дауыс беру белсенділігі енді артты. Десе де осы кезге дейін жүздеген адам азаматтық борышын өтеп үлгерді. Cолардың қатарында Таңатар Көшербаев пен Қарашаш Түленбаева немерелерін ерте келіпті. Қазақстанда сайлауларға үзбей қатысып жүретін отбасы Америка төрінде де таңдауларын жасай алғандарына риза.
Таңатар Көшербаев, Қазақстан азаматы:
Бұл сайлау заң шығару саласындағы жаңа кезеңнің бастауы болмақ дейді дауыс берушілер. Себебі, түрлі көзқарастағы азаматтардың өкілді билікке келуіне мүмкіндік туып, Парламент пен мәслихаттар ашық бәсеке арқасында жасақталмақ. Бұл сайып келгенде саясаткерлердің жаңа буынының қалыптасуына жол ашады дейді Наурызға мерекесіне орай, Америкадағы қазақтарға концерт беру үшін арнайы келген Тұран тобының өкілдері.
Серік Нұрмолдаев, «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің мүшесі:
Айта кетейік, қолданыстағы заңданмаға сәйкес, шетелде дауыс берудің өзіндік ерекшелігі бар. Мәжіліске сайлауға түсіп жатқан партиялардың тізімі көрсетілген бір ғана бюлетен болды. Яғни, төменгі палатаға бір мандаттық округ бойынша өзін өзі ұсынғандар мен мәслихат депутаттығына үміткерлер қосылмады. Демек, шетте жүрген қазақтар саяси бірлестіктер арасынан таңдауын жасады. Ал, астанамен арада он үш сағат уақыт айырмашылығы бар Сан Франциско қаласындағы сайлау учаскесі әлем бойынша ең соңғы болып жабылады.
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңа Конституция жобасын еуропалық сарапшылар талқылауда
11.02.2026, 21:34
Қыс әлегі: Жамбыл облысында бірнеше бағыттағы жол жабылды
11.02.2026, 20:18
Әлем жаңалықтарына шолу
11.02.2026, 20:17
Ипотека нарығына өзгеріс енгізіледі
11.02.2026, 20:16
Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстарына 36,8 млрд теңге бөлінді
11.02.2026, 20:15
Қысқы Олимпиада ойындарының 5-күні
11.02.2026, 20:12
Автогаз қоймаларын жер астына орналастыру міндеттелуі мүмкін
11.02.2026, 20:12
Әскерден келгендер университетте тегін білім алып жүр
11.02.2026, 20:11