БҚО-да Exit poll әлеуметтік сауалнама жүргізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да Exit poll әлеуметтік сауалнама жүргізілді

19.03.2023

Оралда әлеуметтік сауалнаманы Демократиялық институттағы ғылыми-зерттеу ассоциациясының өкілдері жүргізді. Еxit poll интервьюері сайлаушыларға сұрақ қойып, ерікті түрде кімге дауыс бергендерін жазып алды. Жиналған мәлімет құпия түрде сақталады. Бұл сайлаудың алдын ала қорытындысын білу үшін және қатысушылардың белсенділігін байқау үшін жасалатын әлемдік тәжірибеде бар іс-шара.

Мая Қожахметова, интервьюер:

Таңғы сағат 7-де басталған сауалнамаға бір күнге бір сайлау учаскесіне 40 адамнан дауыс алуымыз керек. Ол да әр кезеңге бөлінеді. Сауалнама нәтижесі 19 наурыздан 20 наурызға қараған күні, Астана уақытымен түнгі сағат 12-де «Қазақстан» ұлттық телеарнасының телемарафонында жарияланады.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу