Елімізде өтіп жатқан жалпыхалықтық референдумға экзитпулл өкілдері де қатысуда. Олар таңғы 7-ден бастап дауыс беру учаскелерінің шыға берісте сауалнама жүргізіп жүр. «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығының өкілдері азаматтардың ұстанымын қысқаша біліп, болжамды сараптама қорытындысын шығарады. Мұндай сауалнама жүргізушілер Қарағанды облысының Жезқазған қаласында да жұмыс істеуде.
Мадина Алдажанова, Exit-poll өкілі:
Толық анонимділік кепілдік береміз. Олардың жауаптары тек жинақталған түрде ғана жарияланылады. Келген адамдар әр түрлі санаттағы адамдар. Үлкен кісілер де, жастар да бар.
Руслан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағанды облысында Exit poll өкілдері сауалнама жүргізуде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/159011/)