ШҚО-да тұрғындардың 77 пайыздан астамы референдумға қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да тұрғындардың 77 пайыздан астамы референдумға қатысты

05.06.2022

Алданы ала есептеу бойынша бүгінгі референдумға Шығыс Қазақстан облысындағы тұрғындардың 77 пайыздан астамы қатысты. Бұл әрине нақты нәтиже емес. Саяси науқаның өту барысын қадағалаған халықаралық байқаушылар дауыс беру барысында ешқандай заң бұзушылық болмағанын ерекше атап өтті. Олар референдумды ұйымдастыру жағы өте жоғары деңгейде болды, деген қорытынды шығарды. Ал референдум учаскелері ашылғаннан дауыс санау басталғанға дейін әлеуметтік сауалнама жүргізген «exit poll» өкілдері де бұл пікірмен келісіп отыр.

Динара Ибраева, Exit poll өкілі:

Біз сауалнамаға тартқан тұрғындар жақсы жауап беріп жатыр. Біз негізінен екі ақ сұрақ қоямыз. Оған ешкім қарсылық танытып жатқан жоқ. Яғни халық бұл рефрендумның маңыздылыған түсінді деген түйін жасап отырмыз. Сауалнама нәтижесін әр екі сағат сайын біз орталыққа жіберіп отырдық.


Хабарламаларға жазылу