Exit-poll мүшесі: Қазір бәрі жақсы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Exit-poll мүшесі: Қазір бәрі жақсы өтіп жатыр

05.06.2022

Референдумның өту барысын қоғамдық және үкіметтік емес ұйым өкілдері қадағалап жүр. Олар облыс орталықтары мен аудан, қалалардағы 100 ден аса референдум учаскелерінде әлеуметтік сауалнама жүргізіп үлгерді. Өскемендегі «exit poll» өкілдері де бірнеше учаскеде болып халықтың пікірін білген. Олар осы уақытқа дейін ешқандай заң бұзушылық тіркелмегенін және саяси шара жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

Мадина Тамчинова, Exit-poll мүшесі:

Біз барлық есептермізді әр екі сағат сайын бас кеңсеге жібереміз. Тоғызда, он бірде , бірде және он бесте, он жеті де сосын жиырмада. Қазір бәрі жақсы өтіп жатыр.


Хабарламаларға жазылу