Ұлттық арна тілшілері жедел ақпарат таратып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна тілшілері жедел ақпарат таратып жатыр

19.03.2023

Ұлттық арнаның тілшілері бүгінгі тарихи сәттен жедел ақпарат таратып жатыр. Әр сағаттың басында журналистер өңірлер мен шетелден соңғы жаңалықтармен бөлісуде. Алматылық әріптестерде таңмен таласа жұмысқа шығып, мегаполистен хабар таратуда. Ақпаратты дер кезінде жеткізу – тілші қауымының басты міндеті. Таңғы бестен жұмысқа дайындалып, әр сөзін пысықтайды. Дауыс беруге келгендерде назардан тыс қалмайды. Тілшілер бір күнде бірнеше сайлау учаскесін аралады. Дауыс берушілермен тілдесіп, науқанның қалай өтіп жатқанын сұрады. Маңызды ақпараттарды дер кезінде баяндап, тікелей эфирге қосылып жатыр. Түсірілім тобы Алматы облысының орталығы Қонаев қаласынан да хабар таратуда. Әріптесіміз Нұрсұлтан Тілектес қала тұрғындары бұл күнді барынша есте қаларлықтай өткізуге атсалысып жатқанын айтады. Шаһардың құрметті азаматтары бастаған ақ жаулықты әжелер ретро көліктермен қала көшелерімен жүріп өтті.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу