Бүгінгі сайлауға қатысты Ұлттық арна таңғы 07:00-ден бастап ақпарат таратуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгінгі сайлауға қатысты Ұлттық арна таңғы 07:00-ден бастап ақпарат таратуда

19.03.2023

Бүгінгі сайлауға қатысты Ұлттық арна таңғы жетіден бастап ақпарат таратуда. Әр сағаттың басында тілшілер өңірлер мен шетелден соңғы жаңалықтармен бөлісуде. 

Азамат Бейбітұлы, тілші:

Таңғы сағат 05:30. Наурыздың 19-ы, яғни, сайлау күні. Қазақстан Ұлттық арнасының барлық қызметкерлері, тілшілері таңмен таласып жұмысқа келіп жатыр. Ондағы мақсат – әр сағат сайын жедел, дөп және анық ақпарат тарату.

Асылбек Данияр, тілші:

Біз жұмысқа 04:00-де келдік. Өте жауапты сәт. Әр беретін ақпаратқа мұқият болу керек. Халық та уақытылы ақпарат алуы керек.

Әр қадам, әр минут есептеулі. Ұлттық арнаның ұжымы сайлау сияқты ауқымды шараларға үлкен дайындықпен келеді. Мұндай тарихи күнді таспаға түсіріп, ақпарат тарату – кәсіби міндет қана емес, абыройлы іс болса керек.

 Досжан Маратұлы, тілші:

Негізі біз түнде Түркиядан іссапардан келгенбіз. Бірақ бүгін еліміз үшін маңызды күн, сондықтан жұмысқа шықтық. Дәл қазір сайлау учаскесіне бара жатырмын.

Алғашқы эфир басталды. Енді Ұлттық арна әр сағат сайын ақпарат таратады. Еліміздің барлық облыстарында, ірі қалаларында тіпті алыс-жақын шетелдерде меншікті тілшілеріміз сайлау барысын баяндап, тікелей эфирге қосылады.

Сондай-ақ, ақпаратпен астасып, 16 сағаттық телемарафон өтеді. Сайлау жайлы ең соғы ақпараттарды ұлттық арнаның эфирінен тамашалаңыз. 

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу