Асқар Жұмаділдаев: Сайлауға әрбір адамның қатысуы маңызды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асқар Жұмаділдаев: Сайлауға әрбір адамның қатысуы маңызды

19.03.2023

«Кез келген сайлау – ел дамуындағы маңызды кезең». Қазақстандық белгілі ғалым және қоғам қайраткері Асқар Жұмаділдаев осындай пікірде. Сайлау компаниясы адамдарды қандай кандидаттың бағдарламасын қолдайтынына қарамастан, бір арнаға тоғыстырды. Себебі, дауыс беруге қатысудың өзі ел өміріне араласып, қандай да бір шешім қабылдауға атсалысуды білдіреді. «Сондықтан сайлауға әрбір адамның қатысуы маңызды», - дейді ғалым. 

Асқар Жұмаділдаев, ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы:

Бүгінгі сайлау – мемлекет үшін өте маңызды күн. Президент біршама реформалар жасады. Тек қана партиялық емес, жеке адамдардың да дауысқа түсе алатынын қайта келтірді. Біз жаңа Парламентті әділетті түрде сайлаймыз! 

Назгүл

Хабарламаларға жазылу