Алғаш рет дауыс бергендерге сыйлықтар үлестірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алғаш рет дауыс бергендерге сыйлықтар үлестірілді

09.06.2019

Сайлауға кел де, сыйлық ал! 18-ге толып, алғаш рет сайлауға қатысқан Нұр-Сұлтан тұрғындары өз таңдауын жасап, сыйлыққа ие болды. Осы учаскеге жауапты Дархан Матаевтың айтуынша, сайлауға жастар жағы белсенді қатысып жатыр. Ел болашағын таңдауға олар аса жауапкершілікпен қарайды. Сәкен Сейфуллин атындағы агротехникалық университеттің студенті Аслан Асқар № 110 учаскеге келіп, дауыс берді. Жастарды ынталандыру әрі бұл тарихи күннен естелік қалуы үшін оларға кішігірім сыйлық табысталды.

Аслан Асқар, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

- Мен 18-ге толдым. Бұл - мен қатысып отырған алғашқы сайлауым. Жастардың бәрі қатысуы керек, өйткені ол - біздің болашағымыз.

Айнұр ОМАР

Хабарламаларға жазылу