Сайлау жайлы ақпараттар әлем баспасөзінде де жарияланып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлау жайлы ақпараттар әлем баспасөзінде де жарияланып жатыр

19.03.2023

Елімізде өтіп жатқан парламенттік сайлау жайлы ақпараттар әлем баспасөзінде де жарияланып жатыр. Американың «Блумберг» агенттігі қазақстандықтардың дауыс беріп жатқанын хабарлай отырып, бақ сынайтын жеті партияның екеуінің жаңа екеніне тоқталған. Сонымен қатар, мақала авторы бұл саяси шараны үкіметті «қайта іске қосудың» соңғы сатысы деп атапты. Қазақстандағы сайлау Жапонияның «Никкей-Азия» қаржылық басылымының да назарынан тыс қалған жоқ. «Осы жолы халық дауыс берер қарсаңда бүкіл елде плакаттар ілініп, әлеуметтік желілерде қызу пікірталас жүріп, саяси науқан әдеттегіден әлдеқайда жанды көрінді», - дейді токиолық тілші. Сауд Арабиясының ағылшынтілді «Араб Ньюс» газеті Қазақстанды Ресей мен Қытай арасында орналасқан ортаазиялық экономикалық держава деп атап, кешкі сағат 8-ге дейін 12 миллион адамның сайлауға баратынын хабарлады. Әзербайжанның «Тренд» басылымы болса, бүін Қазақстанда депутаттардың қандай жүйемен сайланатынына көбірек мән берген.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу