Орталық сайлау комиссиясы жұмысын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық сайлау комиссиясы жұмысын бастады

20.11.2022

Орталық сайлау комиссиясы да дәл осы сағатта өз жұмысын бастады. Ол жерде де біздің әріпестеріміз бүгін әр шығарылым сайын сіздерге соңғы жаңалықтарды жеткізуге әзір. 

Досжан Маратұлы, тілші:

Кеше өткен тыныштық күнінен соң міне дауыс беру басталды. Сондықтан Орталық сайлау комиссиясында таңсәріден бері қарбалас. Ақпарат тарататын отандық қана емес, шетелдік журналистер де осында жүр. Өйткені елде өтіп жатқан саяси науқанға көпшіліктің назары ауып отырғаны анық. Ал осы Орталық сайлау комиссиясында түнгі онға дейін брифингтер өтеді деп жоспарланған. Оның алғашқысы міне дәл қазір басталғалы жатыр. Онда Орталық сайлау комиссисының мүшесі учаскелердің ашылып, дауыс берудің басталғаны жайлы мәлімдемек. Қазір еліміздің басым бөлігінде сайлау учаскелерінің ашылғаны белгілі. Ал уақыт айырмашылығына байланысты еліміздің бес өңірінде учаскелердің есігі 1 сағатқа кешірек ашылады. Бұдан бөлек, алдағы уақытта Сыртқы істер министрлігінің өкілдері де осында келіп баяндама жасайды деп күтіліп отыр. Олар шетелде тұратын, оқитын, жұмыс істейтін азаматтарымыздың дауыс беруге келуі жайлы мәлімет береді. Сондай-ақ жұрттың сайлауға қатысу белсенділігі жайлы да ақпараттар айтылмақ.


Хабарламаларға жазылу