СҚО-да пара ретінде жанармай берген мекеме басшысына 2 млн теңге айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да пара ретінде жанармай берген мекеме басшысына 2 млн теңге айыппұл салынды

15.03.2023

Солтүстік Қазақстан облысында тексерушілерге пара ретінде 300 литр жанармай берген мемлекеттік мекеме басшысына екі млн теңге айыппұл салынды. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бұрынғы басшысы аудиторлық тексеріс барысында анықталған деректерді осылай жасырмақ болған. Жемқорлыққа қарсы қызмет тексеру комиссиясының мүшесі осы әдіс арқылы бірнеше рет «олжалы» болғанын дәлелдеді. Оның аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшылығынан да 2,5 млн теңге сыйақы алғаны анықталды. Парақор 7 жылға бас бостандығынан айрылды. Аудиторға бензин талонын ұсынған басшы да жазаланды.

Айдос Жүнісов, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:

Қошманов бұл келісімге келгеннен кейін пара ретінде берілтін 300 литр бензинді өз қалтасынан төлемей, басқармаға бөлінген 400 литр талонын алып, 300 литрін жаңағы ревизиялық комиссияның мүшесі Кенжебаевқа береді. 100 литрін өз қажеттілігіне жұмсайды.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу