БҚО-дағы су тасқыны: 232 адам эвакуацияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-дағы су тасқыны: 232 адам эвакуацияланды

15.03.2023

Батыс Қазақстан облысында 40 үй судың ортасында қалып отыр. Қауіпті аумақтардан 232 адам эвакуацияланды. Кеше кешкі сағат 9-да Орал қаласына қарасты Маштаково кентінде кіреберіс жолды су басты. Ауылға қауіп төнгендіктен, 80-ге жуық адам өз еркімен тума-туыстарының үйін паналады. Кентте тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Өңірдегі жолдардың 21 бөлігінде қарғын су асфальт үстін шайып жатыр. Аймақта барлығы 12 елдімекенмен көлік қатынасы үзілді. Тек бес үйден су сорылып бітті, әлі 40 үй суда тұр.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу