Атырау облысында 35 мыңға жуық адам эвакуацияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында 35 мыңға жуық адам эвакуацияланды

09.04.2024

Атырау облысы Жылыой ауданында үй-жайлардан тұрғындарды құтқару жұмысы жалғасып жатыр. Су басқан аймақтардан қауіпсіз жерге көшірілгендер 35 мыңға жетті. Аймақтағы ахуалды толығырақ әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіт баяндайды.

Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:

Біз қазір суға кеткен Құлсары қаласындағы Автожолаушылар ықшам ауданында тұрмыз. Ақпарат үшін айта кетейін, қазір мұнда 400-ге жуық баспана қаңырап бос тұр. Іргесінен өткен топан су тұрғындардың үдере көшуіне сеп болды. Салдарынан 2 мектеп, 2 балабақша, 1 спорт кешені сынды әлеуметтік нысандар да су ортасында қалды. Тасқын деңгейі белуар тұстан келеді. Тіпті бойламайтын жерлер де бар. Полицейлер мен Төтенше жағдайлар департаментіні топан су ортасында қалған отбасыларды қауіпсіз жерге көшіруді жалғастырып жатыр. Бүгінге дейін 84 қоңырау түсіп, 173 адам эвакуацияланды. Сонымен қатар 248 мал басы қауіпсіз жерге көшірілді. Ал жоғалған әкесі мен баласын іздеу-жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Соңғы ақпарат бойынша 2810 тұрғын-үй мен инфрақұрылым су астында қалды. Қауіпсіз жерге көшірілгендердің саны 35 мыңға жетті. Ол үшін арнайы 201 уақытша орналастыру бекеттері дайындалған...

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу