Петропавлда жер үйлерді су басуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда жер үйлерді су басуы мүмкін

14.03.2023

Петропавлда күн күрт жылынса, жер үйлерді су басу қаупі бар. Апаттың алдын алу мақсатында шаһарда үздіксіз қар шығарылып жатыр. Коммуналдық қызмет өкілдері қаланың шеткі аудандарында күн-түн демей жұмыс істеуде. Бірінше кезекте Солнечный, Жұмысшы кенттері, Заречный және Береке шағын аудандары тұр. Мамандардың айтуынша тәулігіне 100 бірлік техника кезекшілікке шығады. Сонымен қатар, кәріз жүйесі де тазалануда.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу