Түркия мен Сирияға көмек көрсету жайы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия мен Сирияға көмек көрсету жайы талқыланды

14.03.2023

Жойқын зілзаладан зардап шеккен Түркия мен Сирияға көмек көрсету үшін 20 наурызда Брюссельде донорлық конференция өтеді. Маңызды басқосудың қарсаңында Еуропарламентте депутаттар, сарапшылар мен Түркия үкіметінің өкілдері бас қосты. Анадолы шенеуніктері қарт құрлық елдерін Президент Ердоғанның бір жыл ішінде он қаланы жаппай қайта құру туралы бағдарламасын қолдауға шақырды. Еуропалық Одақ осыған дейін зілзаладан зардап шеккен қос елге 6,5 млн еуро жедел көмек жіберген. Көпшілік енді алдағы донорлық конференциядан көп үміт күтеді.

Рышард Чарнецкий, «Түркия - Еуропалық Одақ» достық тобының төрағасы, Еуропалық Парламенттің депутаты

Түркия - біздің көршіміз. Қазіргідей қиын кезеңде біз күш біріктіріп, зардап шеккендерге қолдан келген көмекті көрсетуіміз керек. Анкара халықаралық қауымдастықтан тиімді, нақты көмек сұрап отыр. Сондықтан, дүйсенбіде өтетін донорлық конференцияда әлем елдері аянып қалмайды деген сенімдеміз.

Нұрсұлу Қасым


Хабарламаларға жазылу