Семейде «Адал сайлау үшін» сайлауалды штабының отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде «Адал сайлау үшін» сайлауалды штабының отырысы өтті

19.10.2022

Семейде Alikhan Bokeikhan университетінде «Адал сайлау үшін» сайлауалды штабының отырысы өтті. Оған қаладағы заңгерлер, ғалымдар мен белсенді жастар қатысты. Жиында саяси науқанның барынша әділ өтуіне ат салысу жайы талқыланды. «Адал сайлау үшін» штабы «Қазақстан заңгерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің базасында құрылған. Мақсаты – конституциялық реформа, сайлау заңнамасының ережелерін түсіндіру мен сайлау процесіне қатысушыларға құқықтық көмек көрсету. Сондай-ақ , азаматтық қоғам, халықаралық ұйым өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау.

Майгүл Матаева, заң ғылымдарының докторы:

Штабтың негізгі мақсаты – бұл сайлаудың әділ түрде өтуі. Штабтың тарапынан бақылаушылар болады. Олардың көбі заңгерлер, тіпті ғалымдар.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу