«Nauryz» Ұлттық телехикаялар бәйгесіне өтінім қабылдау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Nauryz» Ұлттық телехикаялар бәйгесіне өтінім қабылдау басталды

13.03.2023

«Nauryz» Ұлттық телехикаялар бәйгесіне өтінім қабылдау басталды. Соңғы мерзім – 15 наурыз. Отандық сериалдардың контентін кәсіби тұрғыдан бағалайтын байқау Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен бірінші рет өткелі отыр.

2021 жылғы 1 қаңтар мене 2022 жылғы 31 желтоқсан аралығында отандық телеарналардың эфирінде, YouTube және басқа да платформаларда көрсетілген сериалдар байқауға қатыса алады. Конкурстық өтінімдерді республикалық және аймақтық телевизиялық хабар тарату компаниялары, студиялар, продюсерлік орталықтар мен медиа индустрияның басқа да ұйымдары бере алады.

Байқау 13 номинация бойынша өтеді. Сериалдардан бөлек, үздік актер, режиссер, сценарист, қоюшы-оператор, монтаж, саундтрек анықталады. Жеңімпаздар осы айдың соңына дейін белгілі болады. Оларға арнайы сыйақы беріледі.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу