Мәдениет және спорт қайраткерлеріне мемлекеттік наградалар табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәдениет және спорт қайраткерлеріне мемлекеттік наградалар табысталды

14.12.2018

Министр Арыстанбек Мұхамедиұлы саланың дамуы мен өркендеуіне үлес қосқан бірқатар өнер иесін марапаттады. Мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі еленгендерге «Құрмет», «Парасат», «Достық» ордендері мен «Ерен еңбегі үшін» медалі берілді. Олардың арасында «Астана Опера», Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының әртістері бар. Сондай-ақ, суретші-кескіндемеші Мұхтар Байбосын мен айтыскер ақын Әсия Беркенова да жоғары наградаға ие болды.

Әсия Беркенова, айтыскер ақын, «Құрмет» орденінің иегері:

- Тәуелсіздік жылдары айтыс өнері мықты дамыды, дамып келе жатыр. Оны көрермендер біледі. Өйткені, сөз еркіндігі біздің кезіміздегіден ашық. Айтыс өнеріне, жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан еңбегім еленіп, осындай марапатқа ие болып жатырмын. Алғысым шексіз. Марапат үшін қызмет етпейміз. Дегенмен де, еңбектің еленгені адамға шабыт сыйлайды.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу