Елде қоқыс полигондарында түзілетін 100 мың тонна пластиктің 3,5 мың тоннасы ғана қайта өңделеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде қоқыс полигондарында түзілетін 100 мың тонна пластиктің 3,5 мың тоннасы ғана қайта өңделеді

12.03.2023

Осы аптада Қазақстанда қайталама шикізатты қайта өңдеушілер қауымдастығы құрылды. Бұл жаңалық қатты қалдықтарды өңдеу ісі қандай халде екенін зерттеуге түрткі болды. Сөйтсек, Қазақстанның қоқыс полигондарында түзілетін 100 мың тонна пластиктің тек 3,5 мың тоннасы ғана қайта өңделеді екен. Ал қалған 96 мың тонна пластик полигондарда жерге көміліп, не өртеледі. Бұл уақытта кейбір қайта өңдеу зауыттары шикізат тапшылығынан тоқырап тұр. Пластиктің 1 ғасырға дейін шірімей, планетамызға зиян тигізетінін қазір балаға дейін біледі. Бұдан бөлек, қалдықтарды қайта пайдалануэкономикалық тұрғыдан да тиімді.

Өзге елдерді шолып өтсек. Швецияда тұрмыстық қалдықтардың 99%-ы қайта өңделеді екен. Ал Германия – Еуропадағы  чемпион. Қоқыстың үштен екісі елде қайта өңделсе, алтыншы бөлігі Еуроодақ мемлекеттеріне жөнелтіледі. Қалғаны энергия өндіру үшін күйдіріледі.

Тағы бір дерек: жыл сайын 5 млн тонна тұрмыстық қалдық түзіледі. Олардың басым бөлігі елдің 3 мыңнан астам полигонына шығарылады. Оларды полигон деп айтуға да жарамайды. 17-18% ғана экологиялық талаптарға сай екен. Қалғаны ашық-шашық, тау-тау болып үйіліп тұрған қоқыс алаңдары. Оңғар Алпысбайұлы сол қалдықтарды қайта өңдеп, пайдасын көруге не кедергі екенін талдайды.

Қазақстанда жылына 5 миллион тонна қатты тұрмыстық қалдық түзіледі. Олар 3 мыңнан аса полигондарда жинақталып жатыр. Қоқыстың тек 25 пайызы сұрыпталып, қайта өңделеді.

Шығарушы - барлық тұрғындар. Яғни, сіз бен біз. Ал, одан кейінгі кезеңдермен түрлі компаниялар айналысады.

Абылай Алмұханов, ҚР Экология министрлігі басқармасының басшысы:

ҚТҚ қайта өңдеумен сұрыптаумен айналысатын кәсіпорындар ол кіші кәсіпорындар, орта кәсіпорындар өте көп. 2021 жылдан бастап біздің министрлік қауіпсіз ҚТҚ шығару, тасымалдау және сұрыптау, қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың тізілімін жүргізіледі. Қазіргі таңда 600 толон берілді. Яғни бұл қызметпен айналысатын кәсіпорындар.

Өткен жылдың соңында Өскеменде толық автоматтандырылған қоқыс сұрыптау зауыты ашылды. Бұл әзірге Қазақстандағы ең ірі нысан. Қаладан шығарылатын қатты қалдықтардың 40 пайызы осы жерде сұрыпталады.

Дәурен Молдамсейітов, зауыт инженері:

Бұл зауыт жылына 100 мың тонна қоқыс өңдей аламыз. Сағатына 25 тонна. Біздің зауыт 7 түрлі қоқыс өңдейміз. Оның ішінде пластик 3 түрлі, полиэтилен, қағаз, түрлі түсте металл және қара металл.

Тазартудан өткен қалдықтар пресстеліп, қайта өңдейтін зауыттарға жөнелтіледі. Мұндағы барлық процесс толықтай автоматтандырылған.

Қандай да бір қондырғыда ақау болатын болса бізде мониторда қателік шығады қызыл цветпен. Ол кезде біз сразу сол қондырғыны өшіреміз қашықтан. Және мастерге хабарлаймыз. Ол уже сол жақта проблеманы шешеді.

Егер әр адам үйден шығарылатын қоқысты сұрыптап салса сұрыптау жұмысы да жеңілдейтін еді, -дейді зауыт қызметкерлері.

Дәурен Молдамсейітов, зауыт инженері:

Сол нәрсе істелсе онда біз оны конвеирдан өткізбейміз. Тікелей прессқа жібереміз. Таза өнім. Онда адамның жұмысы да бұл жерде азаяды.

Абылай Алмұханов, ҚР Экология министрлігі басқармасының басшысы:

Қалдықтардың пайдалы фракциясы басқа қалдықтармен араласқан жағдайда пайдасы жоғалады. Егер де қағаз қалдықтары органикалық қалдықтармен араласса өзінің қасиетін жоғалтады.

Тіпті құны 2 миллиард теңгеге жуықтайтын зауытты салудың да қажеті болмайтын еді. Жалпы, қоқыс сұрыптау барлық ірі қалаларда жүргізіледі. Бірақ, қолмен және өте аз мөлшерде. Оларды қайта өңдеп, кәдеге жаратып жатқан кәсіпкерлер де бар.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

Сіздер күнделікті пайдаланатын мынадай полиэтилен қапшықтар бұл жерде арнайы құрылғымен ұсатылып, мынадай өнім шығарылады. Ал, бұны құммен араластырып, қыздыру арқылы өте мықты материал әзірлеуге болады екен. Олардан орындықтар және қоқыс жәшіктері әзірленеді.

Бұл зауыт Ресейлік технологиямен жұмыс істейді. 2 түрлі пластик пен полиэтиленді құммен араластырып, дайын материал алады. Қазір олардың өндірген көше жиһаздары Қазақстанның барлық қалаларына сатып отыр.

Ермұрат Рахмет, Қайта өңдеу зауытының директоры:

Тауар жақсы. Шірімейді. Жанбайды. 15 жыл тұрады. Түк болмайды онымен. Біріншіден экологияға қанша пластик. 20 тонна бір айда. 200 тонна бір жылда.

Былтырға дейін қалдықтарды қайта өңдеумен айналысатын компаниялар мемлекеттің қаржылай қолдауына ие болған. Бұл бағыттағы жұмыстар өндірушілердің кеңейтілген жауапкершілігі, халыққа оператор РОП атауымен таныс компаниядан алынып Жасыл Дамуға берілгелі тоқтатылған.

Абылай Алмұханов, ҚР Экология министрлігі басқармасының басшысы:

Қалдықтармен айналысатын компанияларға субсидиялау болған. Қазір ол тоқтап тұр. Қазір заң шеңберінде оған тиісті түзетулер мен өзгертулердің біздің министрлік жүргізіп жатыр. Тиісті өзгерістер еніп заң күшіне енген кезде Бұл механизм қайта жаңғыртылады.

Клара Дәрмағамбет, ғалым, химия ғылымдарының кандидаты:

Біздің алған биологиялық ыдырайтын пленкамыздың қасиеті, құрамында өте табиғи полимерлар бар деп айтар едім. Одан кейін глауконит деп аталатын жергілікті миниралды қостық. Әртүрлі қаптамаларға азық-түлік салатын түрлі бағыттағы соған пайдаланып болғаннан кейін қоршаған ортаға тастаған кезде бұлар 29, 30 күннің ішінде ыдырап кетті.

Қазір ғалымдар қажетті потенттерін толық рәсімдеу және өзіндік құнын есептеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Болашақта инвестор тауып жаппай өндіріске шығарылса деген ниеттері бар. Себебі тез ыдырайтын Отандық өнімнің өзге де пайдалы тұстары бар екені дәлелденген.

Клара Дәрмағамбет, ғалым, химия ғылымдарының кандидаты:

Глауканит миниралының құрамында биогенді элементтер бар. Фосфор сияқты, азот сияқты. Осы элементтер қоршаған ортаға, топыраққа түскесін сол топыраққа араласқаннан кейін оған тыңайтқыштық қасиет беру қабілетіне ие.

Қоқысты қайта өңдеу әлем бойынша үлкен мәселеге айналды. Тіпті, қазір осы саланы зерттейтін гарбология деп аталатын ғылым пайда болған. Ал Қазақстандық экологтар әзірге өндірісті жолға қоймағанымызбен, сұрыптауға ерекше мән беруіміз керек деп отыр.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу