Астанада аналарға арналған мерекелік концерт өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада аналарға арналған мерекелік концерт өтті

09.03.2023

"Әлемнің жарығы" Астанада осындай атпен аналарға арналған мерекелік концерт өтті. Шара Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған. Концертте көпбалалы аналар, дәрігер, полиция, мұғалім қыз-келіншектер сүйікті әншілерінің өнерін тамашалады.

Ақын Егеухан Мұхамадиқызы он бала тәрбиелеп өсірген. Саналы ғұмырын отбасы мен әдебиетке арнаған кейуана бұл мерекеде аналар қандай құрметке де лайық дейді.

Егеухан Мұхамадиқызы, ҚР Мәдениет қайраткері:

Аналардың мерекесі 8 наурыздың тойлануы өте дұрыс. Аналардың көңілі шарықтап, барлығы балаларына, халқына, ұрпағына түгелдей алғысын жаудырып отыр. Ал ұрпақтары аналарын құттықтап жатыр. Оған мыңда бір рақмет айтамын.

Аналарды құттықтауға арнайы келген қала әкімі Астананың дамуындағы әйелдердің үлесіне де ерекше тоқталды. Мәселен, қаладағы орта және шағын бизнестің 98 пайызын әйелдер басқарады. Ал тұрғындар үшін маңызды медицина мен білім беру саласында 30 мыңнан астам ару қызмет етіп келеді. Сондықтан аналарға ерекше құрмет көрсетілуі керек деді ол.

Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі:

Президент бастамасымен әйелдерді әлеуметтік және саяси қолдау шаралары қолға алынды. Осы ретте мемлекеттік қызметте заң шығару және жергілікті органдарда әйелдердің саны көбеюде. Сонымен қатар ана капиталына мемлекеттік үлкен көңіл бөлінуде. Әйелдердің рөлін кеңейту мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі.

Концертте Марсель және Дастан Оразбеков, Әлішер Кәрімов сынды өнерпаздар мен «Mezzo» және «The Jigits» топтары өнер көрсетті. Сонымен қатар өлең-жыр оқылып, классикалық туындылар орындалды.

Серік Селеубайұлы, Айдос Ерболұлы


Хабарламаларға жазылу