«Бүгінгі әлем: сынақ пен үміт» тақырыбында Әзербайжан астанасы Баку қаласында оныншы Жаһандық форум өтіп жатыр. Шараға бастамашы болып отырған Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев. Әлемдік жиынға беделді халықаралық ұйымдардың өкілдері мен мемлекет басшылары келген. 61 елден 360 делегат қатысуда. Наурыздың 11-іне дейін жалғасатын форумда дүниежүзіне қауіп төндіретін факторлар, қауіпсіздік мәселелері мен бейбітшілікті насихаттау көзделген. Спикерлер әлемде тұрақтылық орнату, адамзат алдында тұрған сын-қатерлердің алдын алу, климаттың өзгеруі мен азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешу бойынша пікір алмасады.
Ильхам Әлиев, Әзербайжан Республикасының президенті:
Делегаттардың ішінде қазіргі және бұрынғы 50 президент пен премьер-министр бар. Енді өздеріңіз елестетіп көріңіздер - талқыланатын тақырыптың деңгейі өте жоғары болады. Халықаралық қатынастардағы жаңа бағыттарға ерекше назар аударылады.
Асылбек Данияр