Филипп Киркоров: Қазақ жеріне керемет көңіл-күйде келдік - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Филипп Киркоров: Қазақ жеріне керемет көңіл-күйде келдік

05.06.2015
Филипп Киркоров: Қазақ жеріне керемет көңіл-күйде келдік

Бүгін таңғы сағат 5-тен бастап, Ресей эстрадасының жұлдыздары мінген ұшақтар Елорда әуежайына келіп қонып жатыр.

Кешке «Астана Арена» стадионында «МУЗ-ТВ-2015: Гравитация» сыйлығы табысталады.

Астана - осы шараны қабылдаған алғашқы қала.

«Ресейдің ұлттық музыкалық сыйлығының Қазақстанда табысталуы - тарихи оқиға. Меніңше, көп адам бұл концертті ұзаққа дейін ұмыта алмайды. Біз де Қазақ жеріне керемет көңіл-күйде келдік», дейді ресейлік әнші Филипп Киркоров.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу