Бангладештегі босқындар лагері алапат өртке оранды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бангладештегі босқындар лагері алапат өртке оранды

06.03.2023

Бангладештегі босқындар лагері алапат өртке оранды. Жалын 3 мыңдай палатканы шарпыған. Негізгі денсаулық сақтау орталығы күлге айналды. Жергілікті полицияның мәліметінше, оттың тұтануына не себеп болғаны белгісіз. Жалын шарпыған лагерде 1 миллионнан астам Рохинджа босқыны тұрады. Олар Бангладешке 2017 жылы Мьянмадағы қуғын-сүргіннен қашып барған.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу