Каледе босқындар лагері жойылса да, өңірде ахуал әлі де қиын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каледе босқындар лагері жойылса да, өңірде ахуал әлі де қиын

25.10.2017

Францияның Кале қаласындағы босқындар лагері жойылғанымен, өңірдегі ахуал әлі қиын. Қазір мұнда миграттардың шатырлары жоқ және полиция қызметкерлері үнемі тексеру жасап тұрады. Алайда, солтүстік жағалау арқылы өтіп, Ұлыбритания елінде пана табамын деушілер легі әлі де толастар емес. Соңғы көрсеткіштер бойынша, бұл қалада 1000-ға жуық босқын бар. Олардың көбі қаланың сыртындағы аудандарда орманды жерлерді паналап отыр.

Айта кетейік, Каледегі босқындар лагері шамамен 1 жыл бұрын жергілікті билік тапсырмасы бойынша жойылған еді. Дегенмен, аз уақыт өткен соң мигранттар мұнда қайтып келген. Қалада қылмыс көбейіп, тонау әрекеттері көптеп тіркеліп жатыр.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу