Пікірсайыс алаңы арқылы халықтың сайлауға қызығушылығын арттыруға болады - сарапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пікірсайыс алаңы арқылы халықтың сайлауға қызығушылығын арттыруға болады - сарапшы

03.03.2023

Пікірсайыс алаңы арқылы халықтың сайлауға қызығушылығын арттыруға болады. Ұлттық арна ұйымдастырған талқылауда сарапшы Алуа Жолдыбалина осылай деді. Кандидаттардың тікелей эфирді пайдаланып танымалдығын арттыруға таптырмас мүмкіндік екеніне де тоқталды. Оның айтуынша, халық жас партияларды, олардың ұстанымы мен бағдарламасын жақыннан тани бастады.

Алуа Жолдыбалина, ҚСЗИ директорының Орынбасары:

Ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүріп жатыр. Яғни бірінші бюллетень болады. Бір мандаттық округтегі кандидатқа бересіз, саяси партияға да бересіз деп жүріп жатыр. Сол себептен ойлаймын, бүгінде мысалы сіз айтып отырсыз ғой 34 мыңнан астам қатысты, иә? Ол үлкен көрсеткіш деп ойлаймын. Қызығушылық болды. Себебі бізде әлі күнге дейін теледидар дәстүрлі бір бұқаралық ақпарат құралдарының бірі. Ақпаратты көбісі осы жерден алады.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу