Батыс Қазақстан облысының сайлаушылары сайлауға қатысты өзгерістерді оң қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысының сайлаушылары сайлауға қатысты өзгерістерді оң қабылдады

18.03.2022

Батыс Қазақстан облысының сайлаушылары сайлауға қатысты өзгерістерді оң қабылдады. Депутаттардың тек партия емес, округ арқылы сайлануы маңызды. Бұрын тек орталықтан келетін, праймеризден өткен кандидаттар ғана сайлауға түссе, енді қала мен ауыл, аудан округтерінен сол жергілікті жердің мәселесін, мұң-мұқтажын білетін адамдар да саяси додаға қатыса алады. Бұл сайлауға деген халықтың сенімін арттырады, дейді көпшілік.

Ғайса Қапақов, облыстық Сайлау комиссиясының төрағасы:

Мен Сайлау комиссиясының төрағасы ретінде айтарым, сайлау комиссияларының рөлі, олардың кәсіби тұрғыда жұмыс істеуі қарастырылған. Сайлауда үлкен өзгерістер болады. Депутаттар тек партия емес, округ арқылы да сайланатын болады. Мұның өзі әрбір халық өкілі өз депутаты кім екенін білуге себепші болады.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу