Үміткерлер пікірсайыста тәжірибе жинайды - сарапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үміткерлер пікірсайыста тәжірибе жинайды - сарапшы

02.03.2023

Пікірсайыс партия өкілдеріне саяси науқан кезінде ысылып, бағдарламаны пысықтауға мүмкіндік береді. Сарапшы Нұрбек Матжани кандидаттар осындай алаңдарда тәжірибе жинайтынын айтты. Оның пікірінше, келесі сөзсайысқа барлық партия тас-түйін дайын келеді.

Нұрбек Матжани, Қазақстандық қоғамдық даму институты басқарма төрағасы:

Кейбір партиялар өте жақсы дайындалған. Кейбір партиялар мысалы уақытын тиімді пайдаланбаған немесе бір сөзін жеп қойып, ойын дұрыс жеткізе алмаған кездер де болды. Бірақ енді бұл бірінші пікірсайыс қой. Науқанның басталғанына көп болған жоқ. Бүгінгі пікірсайыстан олар бір нәтиже шығарып, алдағы уақытта өзінің бағдарламасын бұдан да ұтымдырақ жеткізеді ғой деген үміт бар.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу