Халықтың белсенділігін арттыруға пікірсайыстың әсері көп – саясаттанушы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықтың белсенділігін арттыруға пікірсайыстың әсері көп – саясаттанушы

02.03.2023

Сайлауда халықтың белсенділігін арттыруға пікірсайыстың әсері көп. Саясаттанушы Мақсат Жақау осылай дейді. Өйткені тікелей эфирдегі сөзсайыс шынайы болады. Бұл осы уақытқа дейін скептикалық көзқараста жүрген азаматтардың сайлауға деген қызығушылығын тудыруы мүмкін.

Мақсат Жақау, саясаттанушы:

Партиялардың әр түрлі бағдарламасы көшеде, әр жерлерде ілінгенімен, оны оқымайтын электорат болады. Мынадай пікірсайысты көргеннен кейін, ол жердегі эмоцияны сезінгеннен кейін біздің саясат жақсы бағыт алып келе жатыр, жақсы партиялар бар екен деген сияқты халық көзқарасы да өзгереді. 


Хабарламаларға жазылу