Сырдария өзенінде сең жүрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сырдария өзенінде сең жүрді

03.03.2023

Сырдарияда сең жүріп жатыр. Бүгінде өзен деңгейі едәуір көтеріліп, қалаға қарасты Талсуат елдімекенінің тұсында, тасқын үй-жайларға қауіп туғызуда. Құтқарушылар ауылды аман алып қалу үшін шұғыл шараларды қолға алды.

Екі мыңға жуық тұрғыны бар ауылдың ішінен өтетін каналға дариядан мол су құйылып, бір үйдің ауласына су кірген. Құтқарушы топ су жыққан жерді дер кезінде бекітіп, ауылға төнген қауіпті сейілткендей болды. Дегенмен, өзеннан тасыған су шабындық жерлерге жайылып, елдімекенге жақындаған. Қазіргі таңда бөгеттің осал тұстарын нығайту жұмыстары жүріп жатыр.

Нұрсұлтан Ибрагимов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

Қазіргі таңда облыс бойынша 29 қауіпті аймақ бар. Енді біз қауіп жоқ деп айта алмаймыз. Өйткені бұл табиғаттың заңдылығы. Қауіпті аймақтардың барлығына үн парақтар таратылды. Жауапты қызметкерлер сол аймақтардың барлығында күнделікті 24 сағат кезекшілік жүргізіп отыр.

Хабарламаларға жазылу