Сыртқы істер министрлігі Өзбекстанға наразылық нотасын жолдамақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыртқы істер министрлігі Өзбекстанға наразылық нотасын жолдамақ

30.06.2015
Сыртқы істер министрлігі Өзбекстанға наразылық нотасын жолдамақ

Сыртқы iстер министрлiгi өзбек шекарашыларының Қазақстан азаматын атып тастау оқиғасына қатысты мәлiмдеме жасады.

Қайғылы оқиға 28 маусым күні болған.

Сырдария өзенінде балық аулап жүрген Қазақстанның екі азаматына өзбек шекарашылары он рет оқ атқан. Соның екеуі  36 жастағы Уәлихан Ахметовке тиіп, отандасымыз сол жерде жантәсілім етті. Екінші балықшы аман.

ҚР СІМ тиесілі нота дайындап, Өзбекстан Сыртқы істер министрлігіне Қазақстанның Ташкенттегі Елшілігі арқылы жолдамақ.  

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу