Елімізде жыл сайын жатақханаларда жаңадан 10 мың орын ашылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жыл сайын жатақханаларда жаңадан 10 мың орын ашылмақ

02.03.2023

Елімізде жыл сайын жатақханаларда жаңадан 10 мың орын ашылмақ. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған Ғылым және жоғары білім министрі айтты. Саясат Нұрбектің сөзінше алдағы 7 жылда үздіксіз жаңа орындар ашылып тұрса, жатақхана мәселесі шешімін таппақ. Сондай-ақ министр президентке Қонаев қаласында академиялық қалашық салу жұмыстарының басталғаны жайлы баяндады. Әрі министрлік студенттер мен магистранттардың стипендиясын кезең-кезеңмен өсіру және шетелдік университтердің филиалын ашу жұмыстарын жалғастыратынын жеткізді.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

Жоғары білім саласында 71 пайыз оқу бағдарламалары жаңартылды. Өткен жылы 4 шетелдік университеттің филиалдары ашылды. Биыл 5 филиал ашуға келісім-шарттарға қол қойылды.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу