«Ат үстіндегі күрес» дүниежүзілік федерациясы құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ат үстіндегі күрес» дүниежүзілік федерациясы құрылды

08.07.2023

Қазақстанның бастамасымен «Аударыспақтан» халықаралық федерациясы құрылды. Сондай-ақ бұл спорт түрінің атауы «Ат үстіндегі күрес» болып өзгерді.

Жаңадан құрылған федерация құрамына, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Ресей, Қытай, Ауғанстан және Мажарстан кіріп отыр. Алматыда ұйымның бірінші дүниежүзілік отырысы өтіп, «Ат үстіндегі күрес» спортының ережелері мен болашағы талқыланды. Федерацияның бас штабы Алматыда орналасады және оған алдағы 4 жыл бойы Қазақстанның Ұлттық спорт қауымдастығы төрағалық етпек.

Марат Жұман, «Ат үстіндегі күрес» дүниежүзілік федерациясының президенті:

10 мемлекет қосылды. Бәріміз бір ортақ ереже, әдістеме ашайын деп жатырмыз. Жастарға әсіресе арасында насихаттау ойымыз бар. Біздің бірінші мақсатымыз «Аударыспақ» спортын жалғыз түрік мемлекеттерінде емес бүкіл дүниежүзіне таратуымыз керек.

Енді федерация құрамына енген мемлекеттерде аударыспаққа дайындайтын мектептер ашылмақ. Олар жыл сайын Қазақстанға келіп, дайындықтарын шыңдайды. Ұлттық спорт қауымдастығы өкілдерінің сөзінше, жаңадан құрылған халықаралық федерация елдегі туризм саласына да оң ықпал етпек.

Исламбек Салжанов, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті:

Келер жылы күзде «Көшпенділер» ойыны өтеді. Бұйырса 100 мемлекеттен 5 мың спортшы, 15 мың халықарылық турист күтіп отырмыз. Барлығы абыроймен өтетініне біз сенімдіміз.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу