Грекияда пойыз апатынан қаза тапқандар саны 36 адамға жетті
Грекияда пойыз апатынан қаза тапқандар саны 36 адамға жетті. Тағы 66-сы жараланған. Көз жұмғандар әлі де артуы мүмкін. 6 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Қайғылы оқиға Лариса қаласы маңында болды. 350 жолаушы мінген темір жол көлігі жүк пойызымен соқтығысқан. Апат орнында өрт тұтанып, жолаушылар пойызының алдыңғы екі вагоны толығымен өртенді. Қарама-қарсы бағытта жүйіткіп келе жатқан екі пойыздың неліктен 1 жолда қозғалғаны белгісіз. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.
Кириакос Мицотакис, Грекия премьер-министрі:
Еліміз үшін өте ауыр күн болды. Трагедия. Құрбан болғандардың жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Жараланғандарға ем көрсету, мәйіттерді анықтау қажет. Апаттың себебін анықтаймыз. Бұған кепіл бере аламын. Мұндай оқиғаның қайталанбауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.
Арай Төлеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Азия чемпионатында Ертуған Зейнуллинов пен Төрехан Сабырхан келесі кезеңге өтті
03.04.2026, 13:34
Отандық және шетелдік студенеттер арасында MaxUP легатоны басталды
03.04.2026, 13:31
Шымкентте көшпелі эко-сенбілік өтті
03.04.2026, 13:29
Тұрғындар «Таза Қазақстан» акциясына белсенді атсалысуда
03.04.2026, 13:26
«Бекіре-2026» акциясы басталды
03.04.2026, 13:24
Қарағанды облысында 500 шақырым жол жөнделмек
03.04.2026, 13:22
Алтын алқа ұрлығы ЖИ көмегімен ашылды
03.04.2026, 13:20
Геологиялық барлауға 3 жылда 500 млн доллар бөлінеді
03.04.2026, 13:18