Әлемнің жетекші басылымдары АҚШ Мемлекеттік хатшысының Астанаға сапары туралы мақала жариялап жатыр.
Сондай материалдың бірі – «Әл-Жазира» телекомпаниясының сайтында жарық көрді. Мақалада осы сапар барысында АҚШ-тың Орталық Азия өңіріндегі сауда жолдарын кеңейту бастамасын көтергені айтылған. Мұндағы экспорттық нарықты 50 млн долларға жеткізу де назардан тыс қалған жоқ.
Блинкеннің сапары туралы ақпарат Американың «Нью-Йорк Таймс» газетінде де жарияланды. Мақала авторы «Блинкен мырза Америка Құрама Штаттары Орталық Азия елдерінің сенімді серіктесі екенін мәлімдеді. Бұған қоса, дипломаттың АҚШ бұл мемлекеттердің тәуелсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын шынайы қолдайтынын білдірді» деген сөзін келтірген.
Арай Төлегенқызы