Қостанай облысында қарға батқан жүк көлігі шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында қарға батқан жүк көлігі шығарылды

01.03.2023

Қостанай облысында далада қалған жүк көлігі қар құсауынан шығарылды. Көлік көктайғақтың кесірінен тайып барып жол жиегіне бір қырымен құлаған. Оқиға «Қарабұтақ-Қостанай» бағытының 227-ші шақырымында болған. Бұған дейін 3 күн бойы көмекке келгендердің ешқайсы көлікті алып шыға алмаған. Соңында «Қазавтожол» мекемесінің қызметкерлері үлкен тракторының көмегімен құлаған көлікті тұрғызып, жол үстіне шығарды.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу