Қостанай облысында жүк көлігі өртеніп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында жүк көлігі өртеніп кетті

11.02.2022

Қостанай облысының Аманқарағай ауылында жүк көлігі өртеніп кетті. Кейін анықталғандай жүргізуші көлігін жанармай құю бекетіне жақын тұраққа қойып, өзі ішінде демалып жатқан. Сол сәтте электр сымдары қызып, от тұтанған.

Жүргізуші оны өз бетінше өшіруге тырысыпты. Оқиға орнынан 10 минутта жеткен өрт сөндірушілер көлікті толық жанып кетуден сақтап қалды. Алайда жүруге жарамсыз. Өртенген жүк көлігі Қырғыз азаматына тиесілі.  

Хабарламаларға жазылу