Ақтөбе облысында жедел жәрдем көлігі жолда қалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында жедел жәрдем көлігі жолда қалған

18.02.2022

Боранда қарға батқан жедел жәрдем көлігін мейірбикелер өз күштерімен шығаруға мәжбүр болған. Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында науқасты ауруханаға жеткізу үшін барын салған медицина қызметкерлерінің әрекеті жұртшылықтың қызу талқысына түсті.

Шалғайдағы Құмсай аулынан науқасты аудан орталығына апара жатқан жедел жәрдем көлігі қайтар жолда қарға батып қалған. Мейірбикелердің өздері қолдарына күрек алып, қарды аршыған. Ал аудан басшылығының айтуынша, үш ауылды қыста қардан тазарту үшін 15 миллион теңге бөлінген. Ал тап осы учаскеге сол маңдағы шаруа қожалықтары жауапты. Көлік мүлдем өте алмайтындай жағдайда аудан орталығы мен жақын жердегі Ембі қаласынан арнайы техника шақырылуы тиіс. Бірақ дәл ол күні ешкім хабарласпаған.



Хабарламаларға жазылу