Абай облысында 478 сайлау учаскесі құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысында 478 сайлау учаскесі құрылды

28.02.2023

Семейде орталық сайлау комиссиясының мүшелері көшпелі семинар ұйымдастырды. Саяси науқанға қатысатын, оны бақылайтын және ұйымдастыратын мамандарға сайлаудың ерекшеліктері түсіндірілді. Жиынға жергілікті атқарушы органдар, сайлау комиссиясының мүшелері мен прокуратура, БАҚ өкілдері де қатысты. Дайындық пен үгіт-насихат жұмыстыры жайлы да егжей-тегжейлі ақпарат берілді. Абай облысында 478 сайлау учаскесі құрылған.

Ержан Жақып


Хабарламаларға жазылу