Түркістан облысында 941 сайлау учаскесі жұмыс істейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында 941 сайлау учаскесі жұмыс істейді

09.02.2023

Мәжіліс пен мәслихат сайлауында Түркістан облысы бойынша 941 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Науқанның ашықтығы мен заңдылығын бақылау үшін 318 округтік сайлау комиссиясы құрылды. Өңірде 1 млн 177 мың адам дауыс беру құқығына ие. Қазір аумақтық сайлау комиссиялары жұмысын бастады. Мәжіліс сайлауы үшін Түркістан қаласы мен Сарыағаш, Сайрам аудандарында округтер ашылған. Ал, мәслихат депутаттарын сайлау бойынша 23 округ құрылды.

Әуелхан Тұрғымбеков, Түркістан облыстық Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

Әрбір сайлаушы барып, сол өзінің учаскесі ма барып тізімде бармын ба, жоқпын ба деп көруге, анықтауға, егер қателіктер кетсе соны түзетуге, жоқ болса соны енгізуге құқысы бар мысалыға. Қазіргі таңда барлық сайлау учаскелері күнделікті таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін жұмыс жасайды. Сенбі, жексенбі деген жоқ.

Айнұр Ақбаева


Хабарламаларға жазылу