Шығыс Қазақстан облысында 533 сайлау учаскесі құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында 533 сайлау учаскесі құрылды

28.02.2023

Шығыс Қазақстан облысында 533 сайлау учаскесі құрылды. Наурыздың 19-ы күні аймақта 500 мың адам дауыс береді. Қазір аймақта сайлау учаскелерінің материалдық базасы жасақталып жатыр. Ал сайлау комиссиясының мүшелері үшін түрлі семинар-кеңестер де өткізілуде. Өйткені бұл жолы сайлаушылар тұңғыш рет бір мандат бойынша саяси додаға түсетін кандидаттарға дауыс береді. Бюлльтендерге де өзгерістер енгізілді.

Константин Петров, ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

Бүгінге дейін сайлаушылар дауыс беретін 5 түрлі бюльетеннің формасы дайындалып бектіліді. Ендігі мәселе сайлау комиссиясының мүшелеріне осы бюльетендерді сайлаушыға берудегі әкімшілендіруді түсіндіру. Өйткені бұл жолғы сайлауда ерекшелік көп. Бұрын тек партия бойынша дауыс берсе, бұл жолы бір мандаттық кантидаттар бар. Оған қалай дауыс береді. Соның бәрін сайлау комиссиясының мүшелеріне аймақтарды аралып түсінідіріп жатырмыз.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу