Жамбыл облысында алдағы науқанда 721 мың сайлаушы дауыс береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында алдағы науқанда 721 мың сайлаушы дауыс береді

03.02.2023

Жамбыл облысында Парламент Мәжілісі депутаттығына 9, ал барлық деңгейдегі мәслихатқа 200-ден астам азамат үміткер ретінде құжат өткізген.

Саяси науқан кезінде 705 сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Оның құрамында 4 825 адам бар. Комиссия мүшелері арнайы курстан өткен. Ал аудан, ауылдық округтегі комиссия мүшелеріне семинар-тренингтер ұйымдастырылған. Бұдан бөлек, облыс бойынша мүлде тіркеуі жоқ тұрғындар үшін 7 сайлау учаскесі құрылды. Олар сайлаушыларды сол учаскенің мекенжайы бойынша тіркеуге алады.

Серғали Айдапкелов, Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

Жалпы бұл сайлауда 721 мыңнан аса сайлаушы болуы керек. Қазір енді сайлаушылардың тізімін нақтылау процедурасын заң талаптарына сәйкес жергілікті атқарушы органдар жүргізуде. Сайлау комиссияларына жалпы тізім сайлауға 20 күн қалғанда беріледі. Содан кейін учаскелік сайлау комиссиялары 15 күн қалғанда сайлаушылар тізімін таныстырады, нақтылайды. 

Н.Болатұлы

Хабарламаларға жазылу