Израильдің Тель-Авив қаласында жүздеген адам наразылық акциясына шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израильдің Тель-Авив қаласында жүздеген адам наразылық акциясына шықты

28.02.2023

Израильдің Тель-Авив қаласы көшелеріне жүздеген адам наразылық акциясына шығып, полициямен қақтығысты. Олар Батыс жағалауда зорлық-зомбылықты және Израильдің оккупциясын тоқтатуды талап еткен. Акцияны Израильдің еврей және палестиналық тұрғындарынан құралған «Бірге» тобы ұйымдастырды. Демонстранттардың сөзінше, үкіметтің қолдауына сүйенген экстремистік топтардың әрекетінен елде қантөгіс жалғасып, шиеленіс өрши түскен. Палестина өкілдерінің мәліметінше, 2023 жылы Израиль күштерінің қолынан 63 палестиналық қаза тапқан. Ал Израиль тарапы палестиналықтардың шабуылдарынан 13 адам опат болды деп мәлімдеді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу