Аргентинада демонстранттар полициямен қақтығысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аргентинада демонстранттар полициямен қақтығысты

29.12.2023

Аргентинада президент Хавьер Милейдің реформаларына қарсы шерулер тыйылмай жатыр. Буэнос-Айресте демонстранттар полициямен қақтығысты. Тәртіпсіздіктер барысында 6 адам ұсталған. Аргентиналықтар өткен аптада президент ұсынған қатаң үнемдеуге арналған 300-дей шараны қабылдауға қарсы. Өзгерістер салық, еңбек, қоғамдық тәртіп, энергетика және сайлау салаларын қамтиды. Милей бұл шараларды енгізу арқылы елді тереңдеп кеткен экономикалық дағдарыстан шығаруға мүдделі.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу