Мәскеу метросы түтінге толып, жолаушылар эвакуацияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеу метросы түтінге толып, жолаушылар эвакуацияланды

28.02.2023

Мәскеу метро станциясы түтінге толып, жолаушылар эвакуацияланды. Оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Дегенмен бірнеше адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Жергілікті басылымдардың мәліметіне сай, өртке электр сымының қысқа тұйықталуы себеп болса керек. Қазір жағдай толық бақылауға алынды.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу