Алматы метросы жұмыс уақытын өзгертті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы метросы жұмыс уақытын өзгертті

21.05.2014
Алматы метросы жұмыс уақытын өзгертті
Алматы метросы бұдан былай 10 минутқа ерте ашылатын болады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне «Метрополитен» МКК Айгүл Ешмағанбетова айтты. Оның айтуынша, бірінші пойыз 6.20-да келетін болады.
 
Уақыттың өзгеруіне себепші болған, жолаушының метрополитен сайтына жазған өтініші.
«Жолаушы 6.30-да метроға кірген соң, билет алып, жүрдек баспалдақпен түскенше біраз уақытын жоғалтып, 6.34-те аттанатын пойыздан үнемі кешігіп қалатынын жеткізген еді. Ол кісінің өтінішіне орай біз метроның ашылу уақытын өзгерттік. Енді жолаушылар метроға асықпай келіп, пойыздарына асықпай жайғаса алады», - деді А.Ешмағанбетова.

Хабарламаларға жазылу