ТМД байқаушылар миссиясының 200 өкілі сайлау барысын бақылайды
ТМД байқаушылар миссиясының 200 шақты өкілі сайлау барысын бақылайды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында өткен жиында миссия басшысы Леонид Анфимов айтты.
Асылбек Данияр, тіліш:
Тәуеселсіз Мемлекеттер Достастығы байқаушылар миссиясының негізгі мақсаты: сайлауда заң талаптарының сақталуын бақылау. Сонымен бірге, байқаушылар тобы сайлауалды штабтарға баруды, кандидаттармен кездесуді жоспарлап отыр. Елдің бірқатар аймақтарына барына жұмыс сапарымен бармақшы. Бұл жұмыспен миссия штабының 10 өкілі айналысады. Бұдан бөлек, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров саяси науқанның негізгі кезеңдерімен: партиялық тізімдер мен кандидаттарды тіркеу қорытындыларын, кандидаттар мен партияларды сайлау бюллетеньіне енгізу бойынша жеребенің қорытындыларын, жалпы науқанның ерекшеліктерін түсіндірді. Айтуынша, бүгінгі таңда 16 шет мемлекет пен 4 халықаралық ұйымнан 163 халықаралық байқаушы аккредиттелген. Нұрлан Әбдіров, өз кезегінде, ТМД бақылаушылары миссиясының жұмысы талапқа сай болуы үшін барлық қажетті жағдай жасалатынын атап өтті.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мұнай бағасы шілдеден бері алғаш рет 100 доллардан асты
09.09.2026, 20:18
АҚШ пен Иран бір-бірінің кемелеріне соққы берді
09.09.2026, 20:17
Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған балабақша бүлдіршіндерге толы
09.09.2026, 20:15
Қарағанды облысында ұлттық жоба аясында 92 медициналық нысан қолданысқа берілді
09.09.2026, 20:15
ДСМ фастфуд пен энергетикалық сусын жарнамасына шектеу қоюды ұсынды
09.09.2026, 20:14
Мектептерде ас мәзірі жаңартылды
09.09.2026, 20:13
Қайтарылған активтер ел игілігіне жұмсалуда
09.09.2026, 20:12
Президент кітабы ел ішінде талқыланып жатыр
09.09.2026, 20:10